Алматы полицейлері атыс қаруын қайта жасаумен айналысқандардың жасырын цехын анықтады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Алматы қаласы Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды, олардың тұрғылықты жерінде көп әртүрлі атыс қаруы, оқ-дәрі мен қаруды қайта жасау кезінде күдіктілер пайдаланған заттар табылып, тәркіленді. Олар ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару-жарақ, бөлшектер мен оқ-дәрілер бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», — деді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Алматы полицейлері сараптамалық зерттеулердің нәтижесінде арсеналдың кімге тиесілі екені және оларың шығу тегі белгілі болатынын атап өтті.