#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда үй тонаушылардың тобы құрықталды

Арнайы іс-шараны криминалдық полиция қызметкерлері өткен күні Алматы қаласының Бостандық ауданында арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен өткізді.

Арнайы іс-шараны криминалдық полиция қызметкерлері өткен күні Алматы қаласының Бостандық ауданында арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен өткізді. Пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен үшеуі ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді деп хабарлайды ADYM.KZ.

«Олар — жерлестер, Алматы облысының тұрғындары. Үлкені — 34, кішісі — 22-де. Сотталушылардың екеуі бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің бірін тонап кеткеннен кейін ұсталған. Басқа біреудің үйінде үй иесі секілді жүріп, оңай ақшаға әуес адамдар ақша мен құнды мүлікке иелік етті. Тоналған заттар тәркіленді, қаскөйлер қылмыстық олжадан құтылуға үлгермеді. Тергеудің осы сатысында көрсетілген «үштіктің» Алматы аумағында 11 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Сонымен қатар, біздің ақпаратымыз бойынша, оларды біздің әріптестеріміз Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында бірнеше рет пәтер тонағандары үшін іздеуде », — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

Соңғы жаңалықтар