Полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғынының 13 жылдан бері екі елдің азаматтығын заңсыз пайдаланып жүргенін анықтады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Екі елдің азаматтығы бар әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-бөлігімен (ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетелдік азаматтықты алу фактісін хабарламау) әкімшілік хаттама толтырылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.