Жуырда «Jas Otan» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалы мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Түркістан қаласындағы ЖОО мен колледждердің жатақханаларына мониторинг жасады.
Мақсат – жатақхананың жабдықталуы, студендтердің білім алуына жағдай жасалғанына көз жеткізу. Сонымен бірге қауіпсіздік шараларын түсіндіру де жоспарланған. Мониторинг барысында департамент қызметкерлері төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тексеру арқылы 2020 жылдың басында жасалынған мониторинг нәтижелерімен салыстырғанда оң өзгерістер бар екені анықталды.
Студенттердің құқығын қорғау, жатақханалардың сапасын қадағалау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.