Түркия Қырғызстанға әскери техника берді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстан қарулы күштерінің бас штабының басшысы Таалайбек Өмірәлиев Түркия елшісі Дженгиз Камил Фыратпен кездесті. Өмірәлиев Измир провинциясында болған қайғылы оқиғаға қатысты көңіл айтты.
«Екіжақты ынтымақтастықты талқылағаннан кейін Қырғызстан әскери қызметшілері үшін әскери мүлік, тау-кен жабдықтарын және автомобиль техникасын қабылдау-тапсыру рәсімі өтті», — делінген хабарламада.
Дженгиз Камиль Фырат Түркия әскери және әскери-техникалық салалардағы қырғыз-түрік қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.