Ежелден ел билеген игі жақсылар мен ғұлама-ғалымдардың құтты ордасы болған қастерлі қарашаңырақ – Түркістан түркі әлемін түгендейтін іргелі орталыққа айналып келеді. Осы орайда, елге белгілі азаматтар мен қоғам белсенділерінің ой-толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн көріп отырмыз.
– Түркістан – күллі түркі дүниесінің алтын бесігі. Қиырдағы Түркия еліне жолымыз түскен сайын жергілікті халықтың бізге деген құрметін көріп, көңіліміз өсетінін қалай жасырайын. Бізден барғандарды құдды бір төркіндері қыдырып келгендей құшақ жая қарсы алып, асты-үстіне түсіп күтетінінің мәнісі – саналарындағы ұлттық кодтың тұнықтығы. Олардың тарихи жады шайылмаған. Арғы ата-бабаларының қазіргі ұлы қазақ даласынан қоныс аударғанын ұмытпаған, жақсы біледі. Сол үшін бізді құрмет тұтады. Түркия Республикасының негізін қалаған Кемал Ататүріктен бастап, Тұрғыт Өзал мен бүгінгі жұмқыр басшысы Ердоғанға дейін солай. Стамбұлдың қарапайым тұрғынымен сөйлесе қалсаңыз, соны сезесіз. Ғылыми іссапармен Қазан қаласына жол түскенде де, татар зиялыларымен сөйлескен кезімізде соны байқадық. Демек, түркі халықтарының байырғы ата қоныстары қазіргі қазақ даласы екенін олар жақсы біледі деген сөз. Генетика ғылымының кереметі де соны дәлелдеп беріп жатқан жоқ па? Тіпті сонау жердің арғы бетіне қоныс аударған үнділердің гені де Алтайдан шыққанын айғақтауда. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады. Түркі дүниесінің бірлігі идеясы жолында шаһид болған алаш арысы Мұстафа Шоқайдың ісі жалғасын табуда деген сөз. Сөз орайы келгенде айтпасқа болмайда, түркі халықтарының бірлігін көздеген Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұловтың Түркістан қаласында алып ескерткіштері өз есімдерімен аталатын көшелерінің бойында тұрса, қандай жарасымды болар еді. Елбасының Түркістанды түлету идеясының астарында түркі халықтарының бірлігін нығайту мақсаты ұялағанын айтпаса да түсінуге болады. Қазір әлемді интеграция аталатын күш билеп-төстеуде. Еуропа одағы, Еуразия экономикалық одағы т.б. бірлестіктер сол мақсатта құрылғанын көріп біліп отырмыз. Түркі мемлекеттерінің интеграциясы да – уақыт талабы. Бұл идеяның да болашағы зор екеніне ешқандай күмәніміз болмауға тиіс. Оның алғашқы қадамдары жасалып, қазығы қағылуда. Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің екі ел достығының дәнекері ретінде ашылып, қос мемлекеттің қаражаты есебінен нәр алып, қанатын кеңге жайып келе жатуы – соның бір дәлелі. Мұндай бірлескен іс-шаралар жыл өткен сайын жүйелі жүзеге аса беретініне ешқандай күмәніміз жоқ. Оның солай болуында заңдылық та бар. Түркістан – бүткіл түркі дүниесінің кіндігі. Түркі әлемінің басын біріктіретін қасиетті жер. Әлемде бүгінгі таңда 250 миллионнан аса түркі қандас тірлік кешуде десек, соның әрқайсысының өмірінде тым болмағанда бір мәрте тәу етіп келуге тиісті атамекені Түркістан екенін елестетсек, көне қаланың болашағы жарқын екеніне көз жеткізу қиын емес. Түркі халықтарының бірігу идеясының хақ ордасы – Түркістан. Түркі дүниесінің бет түзер,
– Шетелдік туристерге Түркістанның тартымдылығын көрсету үшін қандай шараларды қолға алуымыз керек деп санайсыз?
Амандық Көмекұлы, ҚР мәдениет қайраткері, Ұлттық өнер университетінің профессоры: «Түркістанның облыс атанып, орталығы Түркістан қаласы болуы тарихқа құрмет, бүтін бір ұлтымызға деген мәртебе» Өнер – үздіксіз дамуды, шексіз қиял мен жаңашыл ойларды талап етеді. Ақын кез-келген дүниені жырға қосарда шабыттанар дүние іздесе, күйші-жыраулар толғаныс тудырар мәселені қарайлайды. Зергердің өзі жаңа білезік жасарда оның өзгеден ерек болуы үшін шығармашылық еркіндікті қажет етеді. Ендеше, өнер ғана емес, ғылым дамуында Ұлы ғұламалар менен ойшылдардың, данышпандар менен шешен-көсемдердің туып өскен құтты мекені Түркістан қазақ өнері үшін аса маңызды өңір болып табылады. Кешегі Дайрабай, Сатыбалды, Әлшекей, Сүгір, Жаппас, Төлеген сынды күйшілер думандатып өткен, қаншама жыраулар жырлап өткен қасиетті жер бүгінде өз болмасын жоғалтпады. Сондықтан да өнердің толассыз қайта түлеп, қуаттанар аймағы атағы Түркістанға әбден лайықты деп білемін.
Асқарбек Құсайынов, ғалым, педагогика ғылымдарының докторы: «Болашақта Түркістан – еліміздің рухани діңгегі ретінде қайта түлеп, озық облыстардың алдында боларына сенімім мол»
Ғылым – нақтылықты ұнатса, ғалымдар дабыраға салмай, байыппен, нақты дәйекпен сөйлейді. Олардың зерттеу нысандары, талқыға салар объектілері болуы шарт. Сонда ғылым дамып, ғалымдар тың жаңалықтар ашады. Біздің, қазақ ғылымының даму шарқы түрлі феномендік төңкерістерден тұрады. Әр дәуірдің өз артықшылығы мен ғылымға әкелген сүбелі үлесі бар. Олардың арасында қашанда шоқтығы биік тұратын, түркі елі үшін аса маңызға ие Түркістан өңірі тұнып тұрған қазына.
Сарапшының пікірінше, енді әулиелі мекеннің тек Қазақстанның ғана емес, күллі Түркі әлемінің алдындағы жауапкершілігі артады.
Оның айтуынша, шаһардың жаңғыруын уақытылы қамтамасыз етіп, түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ретінде өркендету және оны қарқынды дамыту, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар жалғасын тауып келеді.
Түркістан облысының құрылуының дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеп келеді. Мұндай пікірді Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Зарема Шаукенова білдірді.
Институт директоры алдағы уақытта оңтүстік аймақтағы шағын қалаларды дамытуды қолға алу керек деп отыр.
Қорыта айтқанда, Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде дамудың жаңа сатысына қадам басты. Көне шаһардың жаңа дәуірі басталды десек те болады. Оған – 2 жыл ішінде ажары ашылып, маңдайы жарқырай түскен шаһардағы өміршең өзгерістер дәлел. Көз көріп, құлаққа сіңісті болған «туризм» саласынан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында да ілкімді істер атқарылып келеді. Өнім игеру бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан Түркістан облысы – «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруда да облыстар арасында үздік қатарынан көрініп жүр. Бүгінгі уақытта өңірде ет, май, ұн өнімдері ірі көлемде өндіріледі.
Әзірлеген,