Бүгін, 2 қарашада Бішкекте бірден үш митинг өтіп жатыр, — деп хабарлайды ADYM.KZ 24.kg сілтеме жасап.
Бірінші митинг Үкімет үйінің маңында өтіп жатқаны айтылады. Ол жерге «Северэлектро» ААҚ жаңа директоры Ұлан Астарқұловтың тағайындалуымен келіспейтін энергетиктер барған.
Олар компанияның жаңа басшысының тағайындалуы сыбайлас жемқорлық екенін айтады.
«Акцияға шамамен 70 адам жиналған. Наразылық білдірушілерге Үкімет өкілі шығып, сағат 16.00-де олар мемлекеттік мүлікті басқару қорына келіп, сол жерде наразылықтарын білдіре алады деді. Алайда энергетиктер бас тартып, мәселені Үкіметте шешуді сұрады», — деп жазады басылым.
Ленин ескерткішінің жанында энергетиктердің тағы бір тобы жиналған.
Олар заңнан басқа ештеңені қолдамайтынын айтып жатыр.
«Біз Ұлан Астарқұловтың жақтастары емеспіз, біз заңның жақтаушылармыз. Біреу бізді арандатып жатыр дейді, бірақ бұл олай емес. Біз маска режимі мен қашықты сақтап жатырмыз. Ешкім айғайламайды, біз тыныш тұрмыз. Біз барлық мәселелердің құқықтық тұрғында шешілгенін қалаймыз, — деді олар.
Ал үшінші митингіге «Дордой» базарының қызметкерлері жиналған. Олар Қытайдан тауар жеткізу мәселесін шешуді талап етіп жатыр екен.