#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Зиялы қауым өкілдері өзекті мәселелерді талқылады

Түркістанда «Абай мектебі» мен жазушылар қауымы арқа сүйейтін тірек болатын орда ашылуы керек.

Түркістанда «Абай мектебі» мен жазушылар қауымы арқа сүйейтін тірек болатын орда ашылуы керек. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен кездескен зиялы қауым өкілдері осылай деді. Басқосу барысында өңірдің жай-күйі, мәдениет, руханият, білім, туризм салалары, өнер мен тілдің ахуалы әңгіме арқауына айналып, келелі кеңеске ұласты.
Емен-жарқын сұхбат барысында зиялылар өз ұсыныс-тілектері мен ойларын бүкпесіз ортаға салды. Сансыз бабтар мекені Сайрамның тың құпияларын ашып, тылсым тарихын зерттеуді ұсынды. Түркістанды уақыт талабы қажет ететін ұлттық кодтан ауытқымай отырып дамытуды еске салды.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев Саурандағы көнеден қалған кәріз жолдары жайлы сөз етті. Әлі күнге дейін сақталған аумақты қайта жандандырып, әдемі дүниеге айналдыруды ұсынды. Бұл кәрізді Үндістаннан әкелінген құлдар немесе ирандықтар жасаған, деген болжам бар.
«Ыстық өлкелерде қашан да кәріз құдықтары пайдаланылған. Кәрізден шыққанда Алаңбұлақ деген бұлақ бар. Алаңбұлақтан Түркістанға дейін оншақты құдықтың ізі жатыр. Су Алаңбұлаққа дейін келіп Түркістанға жерасты жолдарымен жеткен. «Түркістан жаугершілік заманда қалай қорғанды» десек, осы судың арқасында қорғанып отырған. Ауылдың Кәріз атанып кеткені де содан болған. Кәрізге жауапты адамдар да болған. Міне бұл да бір Түркістанның ерекше құпияларының бірі, — деді Жамбыл Омарұлы.
Сәкен Қалқаманов барлық ұсыныстарды назарға алды. Зиялы қауым өкілдеріне құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ «Алатау медиа-орталығын» аралап, Түркістан төрінде орнатылған Хакім Абайдың жаңа ескерткішіне барды. Зиялылар Ұлы ақын мүсінінің ерекшелігіне жоғары бағасын берді.

Соңғы жаңалықтар