#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Атырау облысында денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Асхан Байдуалиев болды.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Асхан Байдуалиев болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Байдуалиев Асхан Мархабайұлы — уролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Еңбек жолын урология және жедел нефрология кафедрасының ассистенті болып бастаған. Алматы облысы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығының басшысы болған.

Бұған дейін Асхан Байдуалиев Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыс департаментінің директоры және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Ол өз еркімен отставкаға кеткен Байтолла Ғазизовтың орнына келді.

Соңғы жаңалықтар