Алматы қаласының полиция департаменті мамандандырылған ХҚКО-да болған төбелеске қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Саялы шағын ауданында болған төбелес видеоға түсіп қалған. Видео Telegram-дағы Zhest_kz каналында жарияланған. Онда адамдардың төбелесіп жатқанын көруге болады.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Бұл факт бүгін (21 қазан — ескерту) Алматы қаласы Алатау ауданындағы мамандандырылған ХҚКО-да болды. Көлік сатушы мен сатып алушы сөзге келіп қалған. Оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.