Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) IBF белбеуіне тағы бір міндетті қарсыласы пайда болуы мүмкін, — деп хабарлайды ADYM.KZ Vesti.kz vRinge.com порталына сілтеме жасап.
Спорт порталының мәліметінше, 14 қарашада Вольфсбург (Германия) қаласында неміс Патрик Войцицки (14-0-1, 5 КО) мен канадалық Патрис Вольни (15-0, 9 КО) арасындағы Sauerland Event компаниясы ұйымдастыратын жекпе-жек өтеді. Бұл боксшылар рейтингте төртінші және алтыншы орында тұр. Кездесуде жеңіске жеткен боксшы әлем чемпионымен кездесуге басты үміткер атануы мүмкін.
Еске салайық, қазір Головкиннің IBF белбеуіне міндетті қарсыласы — Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Бірақ Головкиннің полшалық боксшымен кездесуі қашан өтетіні белгісіз. Кей мәлімет бойынша, кездесу қараша айында өтуі мүмкін.
Айта кетейік, Головкин IBF белбеуінен бөлек, IBO белбеуінің де иегері.