Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смайылова «Желмая» жобасында айтты, деп хабарлайды ADYM.KZ BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілердің дәрі-дәрмек шығару тізімі кеңейіп келеді. Қазір сатып алудың 30 пайызын отандық өндірушілердің өнімі құрап отыр.
Болжанып отырған коронавирустың екінші толқынына дайындық ретінде дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасақталды. Қорға 44 тапшы деген дәрі-дәрмектің түрі енді. Қазіргі таңда барлық медицина ұйымында бір айлық қосымша қор жасақталған. Оған 91 түрлі медициналық дәрі-дәрмек енді. Бірыңғай дистрибьютердің ел бойынша 4 ірі хабы бар, — деді ол.
Смайылова тегін алынатын дәрі-дәрмектің жаңа нозологиясы енгізілгенін айтты.
Қазақстандықтар 5 түрлі препаратпен тегін қамтамасыз етіліп жатыр. Осы күнге дейін 5 мың адам тегін рецептімен қамтамасыз етілді. Қордағы дәрі-дәрмек күнделікті толықтырылып жатыр. Екі айлық қор бір айда 60 мың науқасты емдеуге жетеді, — деді ол. Сондай-ақ, ол «СҚ-Фармация» елге келген гуманитарлық көмекті өңірлерге жеткізуші оператор екенін атап өтті.