Алматыдағы мәйітхана директоры ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратурамен бірлесіп «Қалалық патологиялық бюроның» директорын ұстады.
«Ол қалада салынып жатқан патологиялық-анатомиялық бюрода медициналық жабдықты жеткізуді қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін кәсіпкерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді», — деді органдағылар.
Күдікті Алматыдағы тергеу изоляторына қамалған.