Іскерлік кеңестің төрағасы, «Marubeni» корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Ичиро Такахара іс-шараны аша отырып, короновирустық дағдарыстан табысты шығу үшін Қазақстан мен Жапония дәстүрлі салаларда ғана емес, цифрландыру, қаржы және жасыл экономиканы қоса алғанда, жаңа тауашаларда сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуі қажеттігін атап өтті.
Жобалар арасында электромобильдер мен батареялар өндірісін құру, сорғы жабдықтарын, құбыр арматурасын және асинхронды электр қозғалтқыштарын өндіру, роботтардың оқу-өндірістік кешенін, теміржол серіппелерін жасау желісін салу, тұрмыстық техника өндірісі, зағип және нашар көретін адамдарға арналған тифлотехникалық құралдарды әзірлеу және өндіру жөніндегі ғылыми-техникалық орталығы бар зауыт, мыс өндіру жөніндегі гидрометаллургиялық зауыт салу жөніндегі ұсыныстар қызығушылық тудырды.
Форумға «Marubeni», «Sumitomo», «Mitsui & Co», «Toyota Tsusho», «Komatsu», «Sojitz», «Toyota Engineering», «Nissin», «Yokogawa Electric» компанияларының, сондай-ақ «Mizuho Bank» және «MUFG Bank» қаржы корпорацияларының өкілдері қатысты.