Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты зор алаңдаушылық білдіреміз», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлеріне күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер көрсету фактілері ерекше алаңдататыны айтылады.
«Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз», — делінген хабарламада.