Шымкентте түсті металдар концентратын алу үшін қалдықтарды қайта өңдейтін өндіріс орны іске қосылды. Кәсіпорынның зиянды қалдықтарды залалсыздандыруда экологиялық маңызы зор.
«Standard Steel KZ» ЖШС бұрынғы қорғасын зауыты өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеуді жүзеге асырады. Жоба бойынша жылына 400 мың тонна өндіріс қалдықтары қайта өңделеді.
Бүгінгі таңда жобаның жылына 250 мың тонна қалдықтарды өңдейтін бірінші желісі (линия) жұмысын бастады. Зауыт биыл қараша-желтоқсан айларында толығымен іске қосылады.
Бүгінде қоршаған ортаны қорғау, түсті метал өндірісін дамытуда қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы өте зор. Жоба толығымен іске қосылса, экологияны зиянды қалдықтардан тазартуға зор үлес қоспақ.
Сондай-ақ, кәсіпорын басшылары 400 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Яғни, аталған өндіріс орнының экологиялық тиімділігімен қатар, әлеуметтік-экономикалық ролі де зор.