#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Екі мыңға жуық адам кәсіптік оқуды аяқтады

Шымкент қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты аясында, яғни еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдау бойынша тындырымды тірліктер атқарылды.

Осы жылы қалалық білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларымен және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп қала аумағындағы кәсіпорындардан өтінімдер жинақталған болатын.
Нәтижесінде, еңбек нарығында сұранысқа ие 21 мамандықтың (автокөлік жөндеу слеарі, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері, арнайы тігінші, аспаз, дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, пішуші, кондитер, дизайнер, электр газымен дәнекерлеуші және т.б.) және кәсіптік білім беретін 32 білім беру мекемесінің тізімі жасалынды.
Қазіргі таңда оларда жоспардағы 2000 адамның 1990-ы оқуын тәмамдап, тиісті куәліктерін алды. Ал, 10 адам түрлі себептермен оқуды жалғастыра алмаған.

Соңғы жаңалықтар