#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкенттің «Стандарт» футбол командасы әуесқойлар арасында Қазқстан чемпионы атанды

Шымкенттің «Стандарт» командасы футболдан әуесқойлар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды.

Шымкенттің «Стандарт» командасы футболдан әуесқойлар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды.
Чемпионат 18-20 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Оған 35 жасқа дейінгі жас категориясында 32 команда қатысып, 8 топқа бөлініп бақ сынады.
І тобында Сәтпаев қаласының «LFC JB — SATPAYEV», Қарағандының «ТЧЭ-14» және Жаңаөзеннің «Арлан» командаларынан басым түскен шымкенттік аяқдопшылар 1/8 финалда Қарағандының «Прогресс» командасын жеңді.
Ал, ширек финалда Ақтау қаласынан келген «Атриум Геолог» командасын 1-0 есебімен жеңген жерлестеріміз жартылай финалда Қарағандының «К-MED» командасын ұтты. Есеп — 4-2.
Финалдық кездесу Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» сауда үйі» командасы мен шымкенттік «Стандарт» командасының арасында өтті. Тартысты өткен матчтың негізгі уақыты 5-5 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясында шымкенттік футболшылар 3-2 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды.
Осымен 8 рет ұйымдастырылған чемпионат жеңімпазы Шымкенттің «Стандарт» командасы енді Украинада өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Соңғы жаңалықтар