#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте дератизация жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы аумағында кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

Шымкент қаласы аумағында кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Маусымдық кезеңге орай жұмыстар жиырма екінші  қыркүйекке дейін жалғасады.
Дератизация жұмыстары көп қабатты тұрғын үйлердің қоқыс контейнерлеріне, өзен, каналдар аумағына және қоқыс полигонына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Атап айтқанда, күзгі кезеңдегі жоспарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстарын 467 қоқыс жәшігіне, 16 621 шаршы метр қоқыс алаңшасына, 5 416 570 шаршы метр өзен-канал аумағына және 290 000 шаршы метр қоқыс полигондарына жүргізу жоспарланған.
Қазіргі таңда төрт аудан бойынша 410 қоқыс жәшігіне, 15 055 шаршы метр қоқыс алаңшасына, екі каналға (Жаңа шек және Жаңабай ) жалпы аумағы 891 000 шаршы метрге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жоспарға сәйкес кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстарын «ALСorparation» ЖШС-нің мамандары жүргізіп жатыр. Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары — тұрғындар назарына кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді бүлдіршіндердің ұстамауын және үй жануарларының жеп қоюдан абай болу керектігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар