Шымкентте қала көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жол жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа аялдамалар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.
Биыл Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған. Оның ішінде, ТИП 22 түрі – 165 дана, ТИП 20 – 95 дана.
Атап айтқанда, Абай ауданында 70, Әл-Фараби ауданында 70, Қаратау ауданында 70, Еңбекші ауданында 50 дана жаңа аялдама орнатылады. Ал 145 ескі аялдаманы демонтаж жасап, қала сыртында орналасқан елді мекендерде орнату көзделген.