#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесу барысында Елбасы партияішілік іріктеу – праймериздерді сапалы өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Adym.kz  Elbasy.kz  сайтына сілтеме жасап. 

– Праймериздердің сапалы өткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты оның мақсаттарымен хабардар ету өте маңызды. Бұл бізге Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысу үшін партияның белсенді, сауатты және патриот мүшелерін анықтауға мүмкіндік береді, – деді Nur Otan партиясының Төрағасы.

Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияішілік іріктеуді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарының қорытындылары туралы баяндап берді.

– Бүгін еліміздің барлық аймағында праймериз басталды. Оған қатысу үшін партияға жергілікті жерлерден 700-ден астам қоғамдық пікір көшбасшысы кірді, – деді Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Бұдан басқа, Б.Байбек Nur Otan партиясының төрағасына сайлауалды бағдарламаны әзірлеу барысы және «Birgemiz» қорының елдегі әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен медициналық ұйымдардың қызметкерлерін қолдау жөніндегі жұмысы туралы айтып берді. Елбасы сондай-ақ Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Достық ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары үшін үй салу жұмыстарының нәтижелері туралы хабардар етті.

– Nur Otan-ға онлайн-өтініштер бес есеге артты. Осылайша, жеті айда 270 мың адам жүгінді. Өтініштердің 60%-ы қаралып, көбі шешімін тапты. Сіз бастамашылық еткен «Birgemiz» қоры аясында 2,3 млн қазақстандық қолдау тапты. Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына арналған 20 үйдің құрылысы аяқталып қалды, – деді Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар