Бұл өсім мемлекеттік бюджеттен 45,5 млрд.теңге, жеке көздерден – 35,6 млрд.теңге есебінен қалыптасты.
Қалада 2020-2024 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,3 трлн.теңгеге 113 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Жаңа 9 500-ден аса жұмыс орындары ашылатын болады.
2020 жылы құны 90,7 млрд.теңгені құрайтын 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 2000 жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 25,9 млрд. теңгеге 5 инвестициялық жоба іске қосу жоспарлануда.
Сонымен бірге, инвестициялық жобаларға және қалаға келген инвесторларға, кәсіпкерлерге тиімді қызметтер көрсету мақсатында «Shymkent» ӘКК» АҚ-ы және кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «бір терезе» қағидаты арқылы «Инвесторларға қызмет көрсету және Бизнеске арналған үкімет» орталығы жаңа форматта құрылды.
Қалаға инвесторларды тарту мақсатында «Шымкент Сити» арнайы экономикалық аймақ құрылды. Жалпы аумағы 427 га. Қала экономикасына 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде жеке инвестициялар тартылуы күтілуде.
«Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда. Жалпы аумағы 306 га. Бүгінгі таңда техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Бірінші кезеңде 76 гектар игеріледі (2020-2021 жылдар аралығы), екінші кезеңде 230 гектар (2021-2022 жылдар аралығы).