2020 жылы 2 жоба іске қосылды (790 млн.тг.,48 ж.о):
— ақпан айында құны 290 млн.теңгеге 15 жаңа жұмыс орнымен аяқ киім табандарын шығару жобасы іске қосылды («СП «Lux Shoes» ЖШС) .
— маусым айында құны 500 млн.теңгеге 33 жаңа жұмыс орнымен А3, А4, А5 форматты қағаз өндірісі жобасы іске қосылды («Qagaz Ordasy» ЖШС).
Индустрияландыру картасы аясында 2015-2019 жж. 42 жоба іске қосылды, оның ішінде 2019 жылы 8 жоба, олармен 2020 жылы 150 млрд. тг. өнім шығару күтілуде.
Биыл ПКОП ЖШС – мен 3,4 млн.тонна өнім өндіріледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 55 мың тоннаға артық.
Сонымен бірге, 22,8 млрд. теңгеге 6 кәсіпорында жаңғырту жұмыстарын іске асыру жоспарланған. Бүгінгі күнге 4-ң құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2 жоба 3 тоқсанда іске қосылады. Жобалар бойынша өнім 2021 жылы күтілуде.