#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан уақытша мобильді бригадалар құрылады

Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бір мобильді бригада 5 мыңнан аса тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді.

Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бір мобильді бригада 5 мыңнан аса тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді.

Мобильді топ құрамына дәрігер, медбикелер кіреді. Аурудың айқын белгілері болған жағдайда, арнайы маман болады.

Мобильді бригадалар халыққа мынандай қызметтер көрсетеді:
— науқасты тексеру, оның жағдайын бағалау;
— COVID-19 күдікті науқастарды жедел және ПТР-тестілеу;
— көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама беру;
— қандағы оттегімен қанықтыру 93% төмендеген жағдайда импульстік оксиметрияны жүргізу, қажетті маманмен аудио немесе видео кеңес беруді ұйымдастыру;
— «Коронавирустық инфекция COVID-19» диагнозы мен емі үшін клиникалық хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмектерді тағайындау;
— үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу.

Мобильді топқа жұмыс күндері — 8.00-ден 18.00-ге дейін қоңырау шалуға болады. Ал 18: 00-ден кейін және демалыс, мереке күндері — 103 нөміріне хабарласа аласыз.

Соңғы жаңалықтар