#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте 3 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп шықты

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша, дертінен сауыққандардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«Шымкент қаласында 2020 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустың 4839 жағдайы тіркелді. Оның 2364-і симптомсыз болып анықталған. Бүгінде инфекциядан жазылып шыққан науқастардың саны 3006-ға жетіп отыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде»,-деді Т. Варзилов.
Айта кетейік, бүгінгі күні емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар саны артып, 211-ді құраған. Мобильді бригада мамандары үйде 16 382 пациентке қызмет көрсетіп, 47 945 адамға дәрі-дәрмек жеткізіп берген.

 

Соңғы жаңалықтар