#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкенттік 90 жастағы қария пневмониядан жазылып шықты

Шымкенттік 90 жастағы қария Жақсыкүл Бектемірова пневмониядан жазылып шықты.

Шымкенттік 90 жастағы қария Жақсыкүл Бектемірова пневмониядан жазылып шықты. Ауыр халдегі ғасыр жасаған қала тұрғыны кардиологиялық орталыққа жедел жәрдеммен жеткізілген болатын, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің зақымданғанын анықтап, екі жақты пневмония диагнозын қойған. Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Мұнда науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 28 шілде күні ауруханадан шығарылды. Ал әжей медицина мамандарына алғысын білдіріп, батасын берді.

Соңғы жаңалықтар