#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Қала бойынша жедел жәрдем шақыртулары азайды

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша арнайы штабында айтылды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша арнайы штабында айтылды. Жиын барысында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар талқыланды.

– Қала бойынша жедел медициналық жәрдем шақыртулары саны азаюда. Шілде айының 1 жұлдызынан бастап, бүгінгі күнге дейін (12.07.2020) шақыртулар саны 2142-ден 1839-ге дейін төмендеді. Қаладағы инфекциялық төсек-орын саны 650, оның ішінде 204 орын бос. Провизорлы орын саны 3210, оның ішінде 1110 бос орын бар. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес,алдағы уақытта төсек-орын қорын көбейту мәселесі қарастырылуда.

Қала аумағындағы 24 ауруханада бір күнде 1100 кислородты баллонға қажеттілік бар. Осыған орай, Шымкент қаласында кислород өндіретін 5 мекемемен келісімшартқа тұрып (ТОО «AirGaz», ТОО «Керемет сапа», ТОО «Нурибал База», ТОО «ПК ОКСИ», ИП «Иманбеков»), барлық ауруханаларға тұрақты түрде кислородты баллондар жеткізілуде, — деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар