Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады.
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдірген облыс тұрғындары полиция бөлімдеріне бармай-ақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің 8-778-916-66-66, 8-775-287-16-37 телефондарына немесе 102 номеріне хабарласуыңызға болады.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.
Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады. Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.
Өтініштерді және халықта заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын қабылдауды орындарға шыға отыра, ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асыратын болады. Бұрын оларды қабылдау аумақтық полиция органдарында жүргізілген болатын.
Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерді тауып алған жағдайда олармен қандай да бір іс-әрекет жасамай, тек полиция бөлімшесінің көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарлау қажет.
Анықтама: Халықта заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл кезеңде халықтан 51 мың біріліктен астам қару және 2 млн. ойық қару патрондары сатып алынған. Бұл ретте атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстар 3 есеге (2012ж. 694-тен 2019ж. 238-ге дейін) төмендеді.