Соңғы кезде ауа райы температурасының күрт өсуіне және шомылу маусымының басталуына байланысты қалада ЖРВИ-мен (ОРВИ) сырқаттанушылар 2 есеге, пневмониямен ауырғандар 5,8 есеге артып отыр.
Осыған байланысты маусым айының ағымдағы кезеңіне ЖРВИ (5565) және пневмонияның (1688) 7 253 жағдайы тіркелген. Бұл өз кезегінде жедел жәрдемге жүгінушілер санын 5,5 есеге өсуіне әкеліп отыр. Күніне жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер саны – 2 100 болса, оның 500-ге жуығы пневмониямен ауырғандар. Нақты мәліметтер бойынша өткен тәулікте 251 науқас ауруханаға түскен, оның ішінде КВИ-25, ЖРВИ-20, пневмония-206.
Жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер санының артуына байланысты, Шымкентте «103», КОЛЛ-орталығы (109, 1430) диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайтылды, сонымен қатар, қалада қосымша 1000 стационарлық төсек-орындары ашылды.
Олар: №52 мектеп — 400 төсек орны;
Спорттық манеж — 500 төсек орны;
ҰОС ардагерлерінің емханасы – 100 төсек орны.