#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ө.Шөкеев Қазақстан полициясы күнімен құттықтады

ҚҰРМЕТТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Сіздерді, Қазақстан Республикасының полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ішкі істер саласында абыройлы еңбек еткен ардагерлер мен солардың ізбасарлары, бүгінгі тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілетін сәт.
Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі. Олардың кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғам арасында тұрақтылық қалыптасып, адамдардың осы сала мамандарына деген сенімі артып келеді. Өз бастарыңызды тәуекелге тігіп, өзгенің өмірі үшін күніне сан түрлі қақтығыстармен бетпе-бет келсеңіздер де, Отан алдындағы борыштарыңызды адал атқарып келесіздер.

ҚҰРМЕТТІ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ!

Сіздердің жүйелі жұмыстарыңыздың нәтижесінде өңірімізде адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары қорғалып, қылмыс саны да күн санап азайып келеді.
Былтырғы жылы Арыс қаласында орын алған апат кезінде сіздер жанкештілікпен көзге түсіп, адам жанын арашалауда көзсіз ерліктің үлгісін көрсеттіңіздер. Биылғы жылы да сол адами, кәсіби ұстанымдарыңыздан таймай, ауыр індетпен күрес кезінде күн-түн демей халықтың қауіпсіз өмір сүруіне қолайлы жағдай жасай алдыңыздар. Мақтаарал, Төлеби аудандарындағы төтеннен болған апатта да сіздердің күштеріңіз қанша халықтың өмірін сақтап қалды. Бұл- қарапайым халықтың барлық уақытта сіздерге арқа сүйей алатындығының ақын дәлелі!
Бүгінгі кәсіби мереке қарсаңында осындай ерен еңбектеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіремін.
Жұмыстарыңыз жемісті, отбасыларыңыз бай-қуатты болсын!

Ізгі ниетпен,
Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев

Соңғы жаңалықтар