Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырып, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойған болатын.
Осыған сәйкес, Әл-Фараби аудан әкімі аппараты ғимаратының бірінші қабатынан, «Open Space» (ашық кеңсе) жобасы аясында азаматтарды ашық, әрі кедергісіз қабылдау офисі ашылды.
Аталған «Open Space» (ашық кеңсе) офистің тиімді тетіктердің бірі, мемлекеттік органдардың ашықтығы, қолжетімділігі, келген тұрғындарға бірнеше мемлекеттік қызмет көрсетушілердің бір орталықтан халыққа қолайлы қызмет көрсетуге арналған орын.
Аталған «Open Space» (ашық кеңсе) офисінде:
— Тұрғындардың әкімдіктерге кедергісіз өтуіне қолайлы жағдай жасалынған,
— Кәсіби мамандар кеңес беру, құжаттарды қабылдау және халыққа көмек көрсету үшін қызмет көрсетіп, коммуналдық, әлеуметтік, білім және т.б салалар бойынша күнделікті кедергісіз қабылдау жүргізеді.
— Электронды кезек, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы қарастырылған және WI-FI желісі бар,
— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орындар қамтылған,
— Келген тұрғындарға және көпбалалы аналардың балаларына арнайы бұрыш қарастырылып, ыңғайлы жағдайлар жасалынып отыр.
Бұл «Open Space» (ашық кеңсе) офисінің басты мақсаты-азаматтар үшін мемлекеттік органдардың қолжетімділігін арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру. Мемлекеттік қызметтерді алу жеделдету, барынша жеңілдету және тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасау. «Open Space» (ашық кеңсе) офисінде қызмет алушымен диалог барынша ашық және қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық талаптарына жауап береді.