#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: «Халықтың кеңсесі» қызметіне Төлебиліктер жиі жүгінуде

Аудан әкімдігінде ашылған халықтық кеңсе бүгінгі күні аудан азаматтарына ауыл шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары, сәулет, қала құрылысы және мемлекеттік қызмет (әкімге, басшыларға, Әдеп жөніндегі уәкілге жеке қабылдауға жазылу) бойынша сапалы қызмет түрлерін көрсетіп, ақпараттық кеңестер беріп келеді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай облысқа қарасты Төлеби ауданына арнайы барып, ағымдағы жылдың 12 наурыз күні аудан жұртшылығының игілігіне берілген «Халықтың кеңсенің» бүгінгі жәй күйімен танысты.

Аудан әкімдігінде ашылған халықтық кеңсе бүгінгі күні аудан азаматтарына ауыл шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары, сәулет, қала құрылысы және мемлекеттік қызмет (әкімге, басшыларға, Әдеп жөніндегі уәкілге жеке қабылдауға жазылу) бойынша сапалы қызмет түрлерін көрсетіп, ақпараттық кеңестер беріп келеді.

Бүгінде аталмыш фронт-офисте аталған салалар бойынша 4 қызметкер жұмыс атқаруда.

Айта кетсек, үш ай мерзім ішінде «Халықтық кеңсенің» қызметіне сәулет пен қала құрылысы бойынша 396, тұрғын үй қатынастары саласы бойынша 197, ауылшаруашылығы саласы бойынша 95 азамат жүгініп, қажетті ақпарат пен мардымды мәліметке қол жеткізген.

Аудан азаматтарына ашық әрі қолайлы қызмет көрсетуді мақсат еткен «Халықтық кеңсенің» жұмыс тәртібімен жіті танысқан Мирас Асқарбайұлы кеңсенің электронды кезек (POS терминал) жабдығы мен толықтай VPN каналмен, жоғары жылдамдықты интернет желісімен және Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен қамтылғанын назарға алып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету айрықша маңызға ие екенін тілге тиек етті.

Алдағы уақытта да Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда «Халықтық кеңсенің» қызметі жандана түсіп, тұрғындардың талап-тілегі бойынша ақпараттық көмектер мен кеңестер қолайлы жағдайда көрсетіліп отыратын болады.

Соңғы жаңалықтар