Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирусқа қарсы тәртіп күшейген. Әлеуметтік ара қашықтық, бетперде режимі, вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сай жүргізілуде.
Ал, жолаушылардың дене температурасы ғимараттың ішіне кіреберісте автоматты түрде анықталып, күзетшілерге монитор арқылы белгі береді. Ауа баптағыш құрылғылар арқылы дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
— Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимарат тазалығына 10 қызметкер жұмылдырылған. Күніне 4 мезгіл дизенфекция жасалады. Жазғы демалыс маусымы басталғалы пойыз жол қызметіне жүгінген жолаушылар қатары артқан. Тұрғындар тек тасымалдау тоқтамаса болды, тәртіпті сақтауға дайынбыз, — дейді Шымкент Темір жол вокзалының басшысы Ерғали Мырзахмет.
Еске сала кетейік, елімізде жолаушылар пойызы бірінші маусымнан жүре бастады. Шойын жол тасымалын іске қосу үш кезеңнен тұрады. Билеттер 15 мамырдан сатыла бастаған. Осы уақытқа дейін Шымкент темір жол вокзалынан 7000-ға жуық билет сатылған.