Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін «5 МИЛЛИОН теңгеге дейінгі» мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау өткізу туралы хабарлайды.
Байқауға қатысу үшін өтінім беру орны: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі 304г, «Бизнеске арналған үкімет»
Байқауға құжаттамаға өтінімдерді қабылдау: 2020 жылдың 15 маусымы сағат 10-00-ден бастап,
Өтінімдерді беруді аяқтау күні мен уақыты: 2020 жылғы 29 маусымы сағат 13-00-ге дейін;
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Байланыс телефондары: 8 708 -359-01-22, 8(7252)-24-75-12, 8(7252)-24-74-27
(толық ақпарат Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналасқан shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде).
Егер Сіз кәсіпкер болсаңыз!
Егер Сізде инновациялық идеялар болса!
Байқауға қатысып, өзіңіздің инновациялық жобаңызды іске асыруға мүмкіндік бар.