#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Е.Біртанов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан және қала әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан перзентхананың жұмысымен танысты.

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан және қала әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан перзентхананың жұмысымен танысты.

Перзентханаға қарасты 6 корпуста жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 корпуста жөндеу жұмыстары аяқталған.

Жөндеу жұмыстарынан кейін ғимараттың материалдық-техникалық жағдайы 100 пайыз жаңартылып, ана мен балаға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі артпақ.

Мұнда жылына орташа есеппен 9 мың босандыру болса, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін перзентханада жылына 10 мыңнан аса ананың босануына мүмкіндік жасалынады.

Кездесу барасында еліміздің Денсаулық сақтау минитсрі Елжан Амантайұлы қажетті медицина мамандарының қамтылуы деңгейі жөнінде сұрап білді. Сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсететін реаниматолог, хирург, акушер-гинеколог сынды мамандардың Денсаулық кодексі бойынша мәртөбесін қолдау қажеттігін ерше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар