#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Б.Тәжібаев: Көшбасшыларды ел арасынан табамыз

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Қазір елдің саяси сауаты жоғары және көзі ашық. Халқымыз қоғамдағы сан қилы саяси өзгерістерге жедел үн қатып, өз пікірлерін айтып отырады.

Бұл ретте дәстүрлі БАҚ-тың, әлеуметтік желілердің белсенділігі жоғары. Енді осы білімді, белсенділікті нақты жүзеге асырып, елдік мәселеге араласатын мүмкіндік туды.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  17 тамыз 3 қазан аралығында партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды.  «Nur Otan» партиясын қайта жаңғырту бағытында қолға алынған бұл қадамның демократиялық үрдістерді жандандыруда маңызы зор.

Праймериз арқылы алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауына партияның үздіктері ұсынылады. Яғни, алдымен партия ішінен көшбасшылар іріктеледі.

Былтыр партияішілік кадрлық резервке іріктеу жұмыстары пилоттық режимде еліміздің бірнеше өңірінде өткен болатын. Түркістан облысында Түлкібас ауданында ұйымдастырылды. Оған бастауыш партия ұйымдары және жеке өздерін ұсынған азаматтар қатысып, бақ сынады. Жалпы партияның кадрлық іріктеу жұмыстарының нәтижесі бойынша аудан тұрғындарының арасынан   96 үміткер тіркелді.

Партиялық кадрлық резервіне  үміткерлерге дауыс беру нәтижесінде 7132 сайлаушы дауыс берді. Қарапайым жұмысшыдан бастап кәсіпкерлер, ұстаздар мен дәрігерлер, жастар мен көпбалалы аналар да сынға түсті. Тұрғындар бұл тәсілдің тиімді екенін айтты. Ризашылықтарын білдірді.

Енді биыл республиканың барлық өңірінде партияның кадрлық резервіне іріктеу сайлаулары өтеді.  Саяси кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен Праймериз өткізу ережесі қабылданды. Ол ертең ресми жарияланады.

Праймеризде  дәстүрлі дауыс берумен қатар онлайн-дауыс беру мүмкіндігі де ашылды. Қысқасы, алдағы уақытта партияішілік іріктеуге қатысқысы келетіндерді саяси менеджмент, сайлаушылармен жұмыс жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгеру бойынша оқыту жұмыстары басталады.

«Nur Otan» ел бастайтын лидерлерді іздейді. Әділ бәсекеде іріктеп, додаға қосады. Түркістан облысынан да отаншыл, мемлекетшіл азаматтар іріктеледі деген сенім мол. Партиядағы жаңашылдық қоғамға ұнайды деген ойдамын.

Бейсенбай Тәжібаев,
«Nur Otan»  партиясының Түркістан  облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Соңғы жаңалықтар