#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шұғыл: Қырғыз бен өзбек қақтығысып қалды

Қақтығыс 31 мамыр күні Қырғызстанның Баткен облысы мен Өзбекстанның Сох ауданының шектескен жерінде болған. Тұрғындар бір біріне тас атқан.

Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан шекарасында екі ел азаматтары арасында қақтығыс болып, бірнеше үй өртеніп, біраз адам жараланған. Бұл туралы Adym.kz ақпараттық сайты malim.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қақтығыс 31 мамыр күні Қырғызстанның Баткен облысы мен Өзбекстанның Сох ауданының шектескен жерінде болған. Тұрғындар бір біріне тас атқан.

Әзірге екі елдің жауапты органдары да жағдайдың бақылауға алынғанын, тұрақталғанын хабарлады.

Жанжал түс уақытында басталып, жедел жәрдем мен полиция араласқанмен, кеш батқанша жалғасқан. Қырғыздың Чечме ауылының тұрғындары мен Өзбекстанның Чашма ауылының тұрғындары жыл сайынғы дәстүрмен Чечме бұлағын бірлесе тазалау кезінде бұл бұлақтың кімге тиесілі екенін айтып, содан дау қыза келе, соңы жанжалға ұласыпты.

Бұл бұлақ екі жаққа да ортақ, бірге пайдаланады. Бұған дейін де бірігіп тазалап жүрген. Бұдан бұрын да осы бұлақ үшін біраз жанжал болыпты.

Қазір екі жақты келісіммен, жағдайды тұрақтандыру, қайта болдырмау үшін келісім жасалып, жағдайды бірге бақылауға уағдаласты. Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі келісімсөздер бүгін де жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қақтығыс басталған сәттен бастап ҚР үкіметі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, шиеленіскен жағдайды шешу және ушықтармау үшін жағдайды бақылауға алды, жергілікті басқарушы органдар мен құқыққорғау органдарына тиіс ті тапсырма берілді. Екі жақ 1 маусым күні де келісімсөздер жүргізуді жалғастырады», – делінген ҚР үкіметі таратқан хабарламада.

Қазіргі мәліметке сәйкес, Қырғыз жағынан 15; Өзбекстан жағынан 16 адам жараланған. Олардың аяқтары, қолдары сынып, бастары жарылған.

Айта кету керек, қырғыз-өзбек азаматтары арасында бұған дейін де бірнеше рет түрлі көлемдегі қақтығыстар болған. ҚР үкіметі екі арадағы даудың туындауына екі ел арасындағы шекараның толық делимитация жасалмауы, жерді пайдалануда даулы мәселелерді бар екені себеп болғанын да айтты.

Соңғы жаңалықтар