#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жетісай ауданында 50- ақ теңгелік маршруттар жүре бастайды

Жол жүру құны - 50 теңге.

Жетісай қаласы аумағында қатынайтын қоғамдық көліктердің жолақысы 50 теңгеге тұрақтанды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Жетісай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3-ші маусымнан бастап «Ынтымақ» маршруты өз жұмысын бастамақ. Жол жүру құны — 50 теңге. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 50 % жеңілдетілген. 7 жасқа дейінгі балаларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен І және II-топтағы мүгедек жандар үшін билетінің құны — тегін.

Сондай-ақ, маршруттың жүріп өтетін жолы: Базар; Орталық; Жаңа емхана; «Айгерім» автобекеті; Білім бөлімі (Районо); Пед.колледж; Кірістер басқармасы (налоговый); Тұйғын; Бала-бақша; №119 мектеп;
Аурухана (Микоян); Базар.

Және кері қарай бағытта: Базар; Аурухана (Микоян); №119 мектеп; Бала-бақша; Тұйғын; Кірістер басқармасы (налоговый); Пед.колледж; Білім бөлімі (Районо); «Айгерім» автобекеті; Жаңа емхана; Орталық; Базар.

Жуырда жетісайда сапарлаған өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы Жетісай ауданына сапары барысында өңірдегі ауылшаруашылық және жол жөндеу саласындағы бірқатар атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ең әуелі Жетісай қаласына қарасты ұзындығы 1,68 шақырымды құрайтын С.Қожанов көшесін орта жөндеу жұмыстарын тексерді. Аталған көшенің ені 16 метрге кеңейтіліп, төрт жолақты жол болып салынады. Сондай-ақ, көшеге жарықтандыру бағаналары мен жиектеме тастар орнату жұмыстары жүргізіледі.

Облыс басшысының назарынан ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар «КХ-86 «Жетісай-Мақталы» автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу жұмыстары да тыс қалған жоқ. Нысанның жөндеу жұмыстары 2021 жылға өтпелі.

Одан соң аймақ басшысы КХ-78 облыстық тас жолы бойындағы көпірдің жағдайын бақылады. Сондай-ақ, «Қазсушар» РМК, Достық каналының уәкілдері мен су қауымдастықтарының басшылары және шаруалармен кездесті. Қазіргі таңда онда 16,4 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда 6 шақырым ресайклерлеу, 11 шақырым асфальт салу жұмыстары атқырылған.

Соңғы жаңалықтар