Мүддесін Әділет мнистрлігі білдіретін Алматы қаласының әкімдігі және БТА Банк талапкерлердің талап-арыздарын растайтын ақпаратты жауапкерлердің әшкерелеуін талап еткен еді.
Тараптардың ұстанымдарын зерделеп болып, сот Ильяс пен Виктор Храпуновтарды сотпен «мысық-тышқан ойынын» әдейі ұйымдастырды және олардың бұл іс-әрекеті жазалануға тиіс деген шешімге келді.
Сот Ильястың жоғалған электрондық хаттар туралы сылтауларын ақылға қонбайды деп таныды, — делінген хабарламада. Бұған дейін, сот Мұхтар Аблязовтың осыған ұқсас іс-әрекетін жазалаған еді. Ол кезде Аблязов дәлелдемелерді әшкерелеу процедурасының барысында құжаттарды ұсына алмаған болатын.
Сот Алматы қаласының әкімдігі мен БТА Банктің талап-арыздарына тікелей қатысы бар белгілі ақпараттың Храпуновтардың естерінде жоқ екендігі туралы мәлімдемелерін жалған деп таныды. Сот Ильясты тиісті айғақтарды жойған деп тұжырымдады.
Судья Ильяс пен Виктор Храпуновтарға Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банк заңгерлеріне кеткен шығындарын төлеуге бұйырды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сот Храпуновтардың бұдан былай белгілі дәлелдемелерді ұсыну құқығы болмайды және алқа билерге Ильястың дәлелдемелерді әдейі жойғандығы және жойылған дәлелдемелер мәлімделген талап-арыздарды қолдайтын еді деген нұсқауын беріледі деп қаулы етті.
Бұған дейін, сот Мұхтар Аблязовқа да қатысты алқа билерге дәл осындай нұсқау берілетіндігі туралы қаулы еткен еді.
Одан бөлек, Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банкінің Феликс Сатерге қарсы қатар жүріп жатқан сот процесінде де сот талапкерлердің пайдасына шешім қабылдады. Жауап алу барысында Сатер Храпуновтар мен Аблязовтың Алматы қаласында тыңшылары бар екендігі және оның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнуі мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Сот өзінің шешімінде Аблязовтың 2018 жылы Қазақстанда БТА Банктің бұрыңғы бысшысын өлтіргені және көптеген басқа да қылмыстар үшін сотталғандығын ескере отырып, Сатердің қорқынышы сенуге тұрарлық екендігін атап өтті.