Бұл туралы әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов хабарлады.
— Қазіргі таңда, аудан аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Соның бірі, «Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының» жобасы. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады, — дейді аудан басшысы.
Сондай ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстары басталған.
Аудан басшысының айтуынша, бұл нысандар Шымкент қаласының өзіндік келбетін сипаттайтын және қала тұрғындарының демалуына ыңғайлы орта болатын аумаққа айналатын болады.
Айта кетейік, аудан аумағында 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.