Space.com интернет басылымының ақпаратына сүйенсек, ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын «1998 OR2» метеориты жер шарынан 6.3 миллион шақырым қашықтықтан ұшып өтпек.
Анығында, жер бетіне ең жақын қозғалыс жасайтын метеориттың жер шарына соғылысу қаупі жоқ.
Американың Гавайи штатындағы Галеакала бақылау үйіндегі астрономдар тарапынан 1998 жылы 24 шілдеде байқалған «1998 OR2» метеориты бүгінге дейін анықталған ең жарық және ең ірі астероидтың бірі екен.