#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Бадам өзеніндегі көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде

Шымкенттегі Бадам өзені бойында салынып жатқан көпірде қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Шымкенттегі Бадам өзені бойында салынып жатқан көпірде қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы «Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзенінен өтетін көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілген болатын. Аталған көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр болса, жүріс бөлігінің ені – 11,5 метр және жалпы ені – 28,2 метрді құрайды.

Көпір 2 бөліктен тұрады, 1 бөлігінің құрылысы аяқталып, қазіргі таңда ел игілігіне берілген. Көпірдің екінші бөлігінде 2 жағалауындағы және 2 аралық бұрғылап қағылатын қадалар құйылды. Ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін 3 аралық қадалар аяқталатын болады.

Жоспар бойынша көпір құрылысы толығымен 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар