#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Төлеби жастары мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Төлеби ауданының еріктілері жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантин кезінде бірқатар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тауарларын таратты.

Түркістан облысы Төлеби ауданының еріктілері жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантин кезінде бірқатар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тауарларын таратты.

Студенттерден құрылған жомарт жандар мұндай игі іс атқару үшін өз қалталарынан қаржы жинап, оған күнделікті тұтынатын азық-түлік алған. Атап айтқанда, себетте ұн, макарон, күріш, қарақұмық, сұйық май, шекер және басқа да тауарлары бар.

Ерікті жастар алдағы уақытта да сауапты іс жасауға ниетті азаматтардың басын қосып, тағы да мұқтаж азаматтарға көмек қолын созуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар