#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Төлеби ауданында 68 шақырым жол жөндеуден өтеді

Төлеби ауданында биылғы жылы 42 көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Түркістан облысы Төлеби ауданында өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 28,838 шақырымды құрайтын 27 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал биылғы жылы 42 көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы қаралып, жалпы ұзындығы 68,4 шақырымды құрайтын көше жолдары жөндеуден өтетін болады.

Нәтижесінде ауданда жақсы және қанағатты жағдайдағы көше жолдардың үлесі 39 пайыздан 50,4 пайызға артпақ.

Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша Ленгір қаласындағы орталық Төлеби, Ә.Бектаев көшелері, Шахта Тоғыс және Балдыберек-Төңкеріс елді мекендердің жолдары яғни, 18,5 шақырым көше орташа жөндеуден өткізілмек.

Егер аталған жұмыстар толығымен аяқталған жағдайда биылғы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағатты жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 75 пайыздан 90 пайызға артпақ.

 

Соңғы жаңалықтар