25-26 сәуір Никарагуа астанасы — Манагуа қаласындағы Гимнасио аренасында 8 жекпе-жектен тұратын кәсіпқой бокс кеші өтті.
Аталған спорттық шарада сақтық шаралары барынша күшейтіліп, кіреберісте тұрғандардың дене температурасын тексеріп, қолдары мен аяқ киімдерін дезинфекциялаған. Әрі көрермен белгілі бір қашықтықты сақтап отырған.
COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты аренаға жекпе-жекті тамашалауға 800 жанкүйер кіргізілген. Бір қызығы билеттер тегін болған.