#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында 4 525 зейнеткердің зейнетақысы үйіне жеткізілді

Түркістан облысы бойынша филиалы 94 208 азаматқа есепшот ашып, мемлекет тарапынан берілетін 42 500 теңге жәрдемақыны алуына жағдай жасаған. Бүгінге дейін олардың 20 087-сі тиісті қаражатын алған.

Бұл, әрине төтенше жағдай кезінде мекеме ғимараттарына адамдардың көп шоғырлануын болдырмау мақсатында қолға алынған шара. Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы 94 208 азаматқа есепшот ашып, мемлекет тарапынан берілетін 42 500 теңге жәрдемақыны алуына жағдай жасаған. Бүгінге дейін олардың 20 087-сі тиісті қаражатын алыпты.

Зейнеткерлерге қызмет көрсету барысында мамандар санитарлық тазалықты тиісті деңгейде сақтап, қауіп төндірмеу шараларын барынша ұстанған.

«Барлық қызметкер санитарлық талаптарға сай жабдықталды. Басқарма қызметкерлері, операторлар,  хат тасушылар, сұрыптаушылар, көлік жүргізушілері мен инкассаторлардың барлығы дерлік бетперделер, қолғаптар және антисептиктермен қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі және жасы 80-нен асқан азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақылары мекен-жайларына арнайы сақтық киіммен қамтылған мобильдік топпен жеткізілді. Зейнетақы алушылардың қызмет алу барысында бетперде киіп, өзара 2 метр арақашықтық сақтауы бақылауда болды», дейді облыстық филиал директоры Бақытжан Ысқақ.

Соңғы жаңалықтар