#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент : 7 ошақтан карантин алынды

Індетке байланысты мегаполисте 71 ошақ тіркеліп, бүгінде оның 7-інен карантин алынған.

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында 1174 азамат мониторинг бақылауына алынған. Оның ішінде стационарда – 826, үй карантинінде – 348 адам.

Індетке байланысты мегаполисте 71 ошақ тіркеліп, бүгінде оның 7-інен карантин алынған. Оқшауланған нүктелерге 300-ге жуық полиция қызметкері мен 559 Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылған.

Айта кетейік, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 4 сәуірден Шымкентке карантин енгізілді. Жергілікті билік пен медицина мамандары және полицейлер мен әскерилер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.
18 блок-бекет орнатылып, жеке көліктер мен азаматтардың қозғалысына шектеу қойылды. Маскалық режим енгізіліп, бірқатар мекемелер мен ұйымдардың қызметі тоқтатылды.

Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын нысандардан басқа орындардың жұмысы уақытша шектелді. Білім мекемелері қашықтан оқытуға көшіп, банктер онлайн режимде қызмет көрсетуге кірісті. Қоғамдық көліктердің қызметі тоқтатылып, қала аумағын дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді.

Бір сөзбен айтқанда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ауқымды жұмыстар қолға алынды.

2020 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкентте індет жұқтырудың 139 жағдайы тіркелді.

18 науқас ауруынан айығып үйіне шығарылды. Өкінішке қарай, 4 азамат көз жұмды. Қайтыс болғандардың үшеуі Түркістан облысының, біреуі Шымкент қаласының тұрғыны.

Соңғы жаңалықтар