Қасиетті Рамазан айында пітір садақаны үйден шықпай, мобильді қосымша арқылы төлеуге болады.
Төтенше жағдайға байланысты kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы пітір садақа мен зекет төлеуге болады. ҚМДБ пен банк басшылығы арасындағы келісім бойынша, жоба Рамазан айында жүзеге асырылады.
Қайырымдылық жасау үшін бар болғаны «Төлем» → Іздеу → Пітір садақа сервисіне өтіңіз: https://dz3a4.app.goo.gl/zakat
Онда пітір садақа мен зекеттен бөлек, фидия мен садақа да төлеуге болады.
Еске сала кетсек, биылғы пітір садақа көлемі жан басына 370 теңге болып бекітілген.