«Вашингтон Пост» газеті АҚШ өндірісшілерінің миллиондаған долларлық маска мен қорғаушы медициналық материалдарды қаңтар мен ақпан айларында Қытайға экспорт еткенін жазды.
Хабарда Сауда министрлігінің АҚШ компанияларының медициналық жабдықтарды Қытайға қалай сату жөнінде кеңес бергені білдірілді.
АҚШ-тың Пекиндегі өкілетті елшілігіндегі баспасөз хатшысының Америкада жасалған медициналық материалдардың Қытайға экспортталуына байланысты министрліктің «жаңа қызметі» жөнінде 3 наурызда жолдаған электроникалық хатында айтылған.
АҚШ Ауруларды Бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметіне қарағанда 2 сәуірден бері 9 мыңнан астам денсаулық сақтау қызметкері коронавирустың әсеріне ұшыраған және 27 денсаулық сақтау қызметкері вируспен жұғымдалуы себепті қайтыс болған.
АҚШ-та жасалған бір сауалнамада қала әкімдерінің 90 пайызы қалаларында жеткілікті сынама жабдықтары, маска және қорғаушы материалдар болмағанын айтқан.