#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны — 44 жетті

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 44-ке жетті.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 44-ке жетті. COVID-19 инфекциясы Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округінің 1977 ж. тұрғынында расталды. Ол 4 сәуір күні қайтыс болған 1956 ж. Жетісай ауданының азаматымен жақын байланыста болған. Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 15 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда — 5, Ордабасы — 2, Сайрам — 2, Мақтарал — 4, Арыс — 14, Сарыағаш — 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар